
Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту және кибербуллингтің алдын алу мақсатында ПД ПЖҮБ бөлім бастығы, полиция майоры Е. Елеусізовтің бастамасымен «Қауіпсіз орта — сапалы білім» атты ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шара кибербуллинг, бопсалау және құрдастар арасындағы қысым көрсету мәселелерінің алдын алуға бағытталды. Кездесу барысында майор Е. Елеусізов оқушыларға құқық бұзушылықтың тек физикалық емес, сондай-ақ моральдық және цифрлық түрлерінің де ауыр салдары болатынын түсіндірді.
Кездесу барысында негізгі тақырыптар қамтылды:
🔹 Киберқауіпсіздік: Әлеуметтік желілердегі әдеп ережелері, жеке деректерді қорғау және заңсыз контент таратудың құқықтық салдары талқыланды
🔹 Буллингтің алдын алу: Оқушыларға жәбірленуші болмау жолдары және куәгер болған жағдайда әрекет ету тәртібі түсіндірілді
🔹 Психологиялық қолдау: Қиын жағдайларда мектептегі «сенім жәшігіне» жүгіну және психолог мамандардың көмегіне жүгіну мүмкіндігі айтылды
«Заңды білу — өзіңді қорғауды білу. Біздің мақсатымыз — әрбір оқушы үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру», — деді полиция майоры Е. Елеусізов.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізіліп, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DX9VI3UMPzk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1215435?lang=kk

Жауап қалдыру