Қазақстанда «жасыл» энергия өндірісі 15%-ға өсті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандарынан электр энергиясын өндіру көлемі 2,3 млрд кВт·сағ құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға жоғары.

2026 жылға арналған болжам бойынша ЖЭК өндірісі 8,8 млрд кВт·сағ деңгейінде күтілуде.

Биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын 10 жаңа ЖЭК нысанын іске қосу жоспарланған. Оның ішінде 4 жел электр станциясы, 5 күн электр станциясы және 1 гидроэлектр станциясы бар.

ЖЭК-тің электр энергиясын өндіру құрылымындағы үлесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 7%-ға жетті. Қазақстан бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 15%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Еліміз таза энергетика секторын белсенді дамытуда. Салаға TotalEnergies, China Power, Masdar және China Energy сияқты белгілі халықаралық компаниялар тартылды.

Ұзақ мерзімді перспективада 2035 жылға дейін елде ЖЭК-тің 8 ГВт-тан астам қуатын енгізу жоспарланып отыр. Бұл жобалар ұлттық энергетикалық жүйенің тұрақтылығын күшейтіп, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға және энергия теңгерімін әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1214971?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді