
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мамандарымен “Жоғары көпсалалы “Болашақ” колледжінің базасында фармацевтикалық бөлімінің түлектерімен «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында фармацевтикалық бөлімінің түлектеріне ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 желтоқсандағы «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру» ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маман сертификатын беруден бас тартудың негізгі себептері, сондай-ак «Е-лицензиялау» порталына өтініш беру тәртібі және құжаттар тізбесі бойынша айтылды.
Фармацевтикалық бөлімшенің түлектері жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметке өтінім беру бойынша жадынама және бейне нұсқаулықпен танысты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-aktobe/press/news/details/1215178?lang=kk

Жауап қалдыру