
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Эльдар Күзенбаев пен БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы өкілдерінің кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ босқындар мен пана іздеген адамдарды қорғау саласындағы саясатты жетілдіру бойынша өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
Халықаралық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ босқындарды қорғау мен қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар сындарлы диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, халықаралық стандарттарға сәйкес аталған саладағы ұлттық жүйені жетілдіруге және өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін дамытуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар серіктестікті одан әрі нығайтуға және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға мүдделі екендіктерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kqon/press/news/details/1215796?lang=kk

Жауап қалдыру