ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: КОНСТИТУЦИЯДАН ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ ДЕЙІН

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: КОНСТИТУЦИЯДАН ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ ДЕЙІН
Ақтөбе қаласында мемлекеттік тіл саясатын құқықтық және цифрлық тетіктер арқылы тиімді іске асыруға бағытталған маңызды семинар өтті.
📚 Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның басты мақсаты – тіл заңнамасын тәжірибеде қолдану, көрнекі ақпараттың заңға сәйкестігін қамтамасыз ету және ЕРАП жүйесінде жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
👥 Семинарға облыс және қала деңгейіндегі тіл саласының мамандары, бөлім басшылары мен жауапты қызметкерлер қатысты.
🗣 Басқарма басшысы Амангелді Қонақбаев мемлекеттік тілдің маңызы мен оны іске асырудағы цифрлық жүйелердің рөліне тоқталды.
⚖️ Іс-шара барысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 75 және 455-баптарын қолдану тетіктері түсіндіріліп, ЕРАП жүйесінде жұмыс жүргізу алгоритмдері нақты мысалдармен көрсетілді.
📊 Тәжірибелік бөлімде қатысушылар арыз-өтініштерді тіркеу, қарау және шешім қабылдау кезеңдерін іс жүзінде орындады.
🤝 Сонымен қатар, өңіраралық тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, тиімді тәсілдер мен нақты кейстер ұсынылды.
✅ Нәтижесінде қатысушылар құқықтық нормаларды тиімді пайдалану және цифрлық жүйелермен жұмыс жүргізу бойынша білімдерін жетілдірді.
#Ақтөбе #МемлекеттікТіл #ТілСаясаты #ЕРАП #Заң Семинар Цифрландыру

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1215737?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді