
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ынтымағы елдігіне ырыс, татулығы бірлігіне тыныс біртұтас елімізге ортақ бұл мереке – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық
борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Ауданымыздағы әрбір ауылдың даму
тарихы, шаруашылық, экономикалық-әлеуметтік жағынан өсіп-өркендеуі бір үйдің баласындай татулықты ту еткен ынтымағымыздың үлгісі екені анық.
«Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз. Елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығы арқылы мемлекетіміз өркендеп, өсіп келеді. Берекелі бірлігіміз бен
тату тірлігіміз толымды істеріміздің ұйытқысы бола берсін!
Осы мерекеге орай әр шаңыраққа шынайы көңілмен бақбереке тілеймін. Елімізде тек ынтымақ, татулық, достық орнасын!
Ізгі тілекпен, аудан әкімі Марат ТОҚЖАНОВ
Уважаемые жители района!
Примите искренние поздравления с праздником – Днем единства народа Казахстана! Этот праздник несет в себе дружбу и согласие, является символом мира и солидарности всех людей и народов нашей страны.
За годы суверенного развития мы сделали такие ценности, как национальное единство и межэтническое согласие фундаментом нашего общества. Благодаря им успешно состоялись экономические и социально-политические реформы. Всё это говорит о том, что мы на верном пути. Пусть сегодняшний праздник единства и дружбы станет для всех очередным доказательством того, что в единении,
братстве и взаимоуважении достигаются любые вершины успеха!
От всей души желаю крепкого здоровья, счастья, благополучия вам и вашим близким. Мира и процветания нашей родной земле!
С уважением, аким района Марат ТОКЖАНОВ #бәйтерекауданы#бәйтерекауданыәкімдігі#бәйтерекжаңалықтары#бірліккүні
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1215107?lang=kk

Жауап қалдыру