Құрметті өскемендіктер мен қала қонақтары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін біз еліміздің қауіпсіздігін күзетіп, әскери борышына адалдық танытып жүрген азаматтарды құрмет тұтамыз.

Отанды қорғау – қасиетті парыз және туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі. Қорғаушы болу – өз отбасыңа, халқыңа және мемлекетіңе тірек болу деген сөз.

Осы мерекеге қатысы бар барша жандарды – өнегелі жолы бізге үлгі болған қарулы күштер ардагерлерін, өз міндетін абыроймен атқарып жүрген әскери қызметшілерді және Қазақстанның мүддесін қорғауға әрқашан дайын әр азаматты құттықтаймын.

Сіздерге мызғымас жігер, сенімді тыл және отбасылық бақыт тілеймін!

Қазақстанымыз бейбітшілік пен бірлікте дами берсін!

 Өскемен қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                             А. Светаш

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1215459?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді