Сарыарқа ауданында өрт қаупі жоғары кезеңде табиғи өрттердің алдын алу мақсатында Астрахан тас жолы бойында арнайы техникамен жер жырту (топырақты өңдеу) жұмыстары жүргізілуде.
Бұл – жердің үстіңгі қабатын қопсытып, құрғақ шөп пен өсімдіктерден тазарту арқылы өрттің таралуына тосқауыл болатын арнайы минералды жолақтар жасау әдісі. Жалпы өңделетін аумақтың ұзындығы 20 шақырымнан асады.
Аталған жұмыстар өрт қауіпсіздігі талаптарына сай орындалып, елді мекендер мен айналадағы аумақтарды өрттен қорғауға бағытталған тиімді шаралардың бірі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1214987?lang=kk

Жауап қалдыру