
ШИЕЛІДЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 4 мамыр күні Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссиясының II тоқсандағы кезекті отырысы өтті.
Жиынға комиссия мүшелері, тиісті бөлім басшылары мен мекеме жетекшілері қатысты.
Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес екі мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша тәуекел топтарға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында ақпараттық-түсіндіру тобының атқарып жатқан жұмыстары талқыланды. Бұл бағытта тұрғындар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, олардың зияны мен қауіптілігін түсіндіру, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау бойынша жүргізілген іс-шаралар сараланып, алдағы міндеттер айқындалды.
Екінші мәселе аясында «Дене шынықтыру және спорт саласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 2024–2026 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде атқарылған жұмыстардың барысы қаралды. Аталған бағытта жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт арқылы теріс ағымдардың ықпалынан қорғау, түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша жүзеге асырылған шаралар баяндалды.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары нақтыланды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli/press/news/details/1215433?lang=kk

Жауап қалдыру