ШҚО ТЖД құтқарушылары ерлік сабағын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемен қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімінде Отан қорғаушылар күніне орай ерлік сабағы өтті. Онда ШҚО ТЖД құтқарушылары оқушыларға Шығыс Қазақстанның өрт сөндірушілерінің өртпен күресте, төтенше жағдайларда және азаматтарды құтқару барысында көрсеткен ерлігі туралы айтып берді.

Қызмет ардагері Ғафур Ақаев 1991 жылы Үлбі металлургиялық зауытының бериллий өндірісіндегі апатты жою кезінде өрт сөндірушілердің атқарған жұмыстары жайлы баяндады. Аталған ерлігі үшін КСРО-ның «Жеке ерлігі үшін» орденімен бөлім бастығы Виктор Наумов, ішкі қызмет полковнигі Владимир Побрус марапатталған, сондай-ақ апатты жою кезінде көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін ішкі қызмет полковнигі Евгений Осипов марапатталғанын айтты.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов оқушыларға төтенше жағдайлар қызметінің ерекшеліктері, қауіпсіздік негіздері туралы кеңінен түсіндіріп, құтқарушы мамандығын қалай меңгеруге болатынын, яғни ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу жолдары туралы айтып берді.

Сонымен қатар бұл күні қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері де еске алынды.

Оқушылар өрт сөндіру бөлімін және құтқарушылар мұражайын аралап көрді.

Ерлік сабағы жастарға патриоттық тәрбие беруге және құтқарушы мамандығына қызығушылықты арттыруға бағытталған.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1215760?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді