Шымкентте полиция қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – полиция қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың дене дайындығын жетілдіру, «Заң мен Тәртіп» қағидатын дәріптеу, сондай-ақ ұжым ішіндегі өзара ынтымақтастық пен командалық рухты нығайту болып табылады.

Турнирге Шымкент қаласы Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелері мен аудандық полиция басқармаларының қызметкерлері қатысып, өзара бақ сынады.

Жарыс барысында қатысушылар «Арлан» спорт клубының арнайы спорттық формасын киіп шығып, ұйымшылдық пен жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша:
І орынды – Шымкент қаласы Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкі,
ІІ орынды – Тұран аудандық полиция басқармасы,
ІІІ орынды – Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар кубоктармен, грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, турнир барысында ерекше көзге түскен үздік ойыншылар арнайы номинацияларға ие болды.

Аталған турнир қызметкерлер арасындағы бірлікті арттырып, кәсіби қызметпен қатар спортқа деген қызығушылықты дамытуға оң ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1215257?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді