
Қобда аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Ищанов Өмірсерік Бауыржанұлы Бестау ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ө. Ищанов 1994 жылы дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
- 2016–2021 жылдары — Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының маманы; Жарсай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы; «Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы.
- 2021–2025 жылдары — Өтек ауылдық округінің әкімі.
- 2025–2026 жылдары — «AMANAT» партиясы Қобда аудандық филиалының консультанты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-khobda/press/news/details/1215147?lang=kk

Жауап қалдыру