Тағайындау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек ұжымға экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасар — Қайыпов Нұрмұхамбет Шәріпбекұлын таныстырды.

Қайыпов Нұрмұхамбет Шәріпбекұлы 1992 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Түркістан облысы, Жетісай ауданында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

2014 жылы «Қазақ гуманитарлық-заң университетін» «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2015 жылы Ұлттық экономика министрлігінде сарапшы қызметінен бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, оның ішінде Ұлттық экономика министрлігінде, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде, Ұлытау облысы әкімінің аппаратында, «Talap» КЕАҚ-та және Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде жұмыс істеген. Сарапшы, бас сарапшы, бас инспектор, бренд-менеджер және бас консультант лауазымдарын атқарған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zdrav/press/news/details/1215635?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді