ТАЗАЛЫҚ ПЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің салалық орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары қатысып, тазалық пен ауыл шаруашылығына қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасының орындалу барысы болды. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Аманов баяндама жасады. Барлық ауылдық округтер мен кенттердегі санитарлық тазалыққа қатысты бірқатар кемшіліктер атап өтілді.
Аудан басшысы әрбір мәселені жіті саралап, ауылдық округтер мен кент әкімдерінің есептерін тыңдады. Сонымен қатар, тазалық жұмыстарын ұйымдастыруға барлық мүмкіндік жасалғанын айтты. Бұл бойынша әкімдердің жұмысына сын-ескертпелер айтылды. Аталған мәселе апта сайын тұрақты бақылауда болатыны ескертіп, кемшіліктерді жою үшін нақты тапсырмалар жүктеді.
Мәжілісте қаралған екінші мәселе – ауыл шаруашылығына қауіп төндіретін шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар болды. Бұл бағытта аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бекзат Мыңжасаров баяндама жасады.
Аудан әкімі ұсынылған жоспарларды талқылап, зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарын жүйелі әрі уақытылы жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеп, жұмысты күшейтуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1214944?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді