
Қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіп – әрбір азаматтың алаңсыз өмір сүруінің басты кепілі. Ал теміржол саласы – жоғары жауапкершілік пен қырағылықты талап ететін стратегиялық маңызды нысандардың бірі.
Осы салада абыройлы қызмет атқарып жүрген мамандардың бірі – Қостанай станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің Тобыл станциясындағы көліктегі полиция бөлімшесінің патрульдік полиция тобының полицейі, полиция старшинасы Мухашов Таңат Ақылбекұлы.
Таңат Ақылбекұлы ішкі істер органдарындағы қызметін 2005 жылдың ақпан айында бастап, бүгінгі күнге дейін 20 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз еңбек етіп келеді. Бұл – оның кәсібіне деген адалдығы мен жоғары жауапкершілігінің айқын дәлелі. Қызмет жолында ол көптеген күрделі міндеттерді абыроймен атқарып, теміржол көлігіндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты.
Оның негізгі міндеттері – құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау. Күнделікті қызметі жедел шешім қабылдауды, батылдық пен ұқыптылықты талап етеді. Көпжылдық тәжірибесінің арқасында ол талай қылмыстың бетін ашып, құқық бұзушылықтардың жолын кескен.
Әріптестері Таңат Ақылбекұлын іскер, талапшыл әрі әділ қызметкер ретінде жоғары бағалайды. Ол жас мамандарға үлгі болып, өз тәжірибесімен бөлісіп, әрдайым қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, бөлімнің қоғамдық және спорттық іс-шараларына белсенді қатысады.
Отбасында үлгілі әке, үш баланың тәрбиесіне көңіл бөліп отырған азамат. Көп жылғы мінсіз қызметі үшін бірнеше мәрте марапаттарға ие болған.
Мұндай тәртіп сақшылары – қоғам қауіпсіздігінің сенімді тірегі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1215636?lang=kk

Жауап қалдыру