
Шымкент қаласы ТЖД-де қос мерекеге орай салтанатты жиын өткізілді.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Салтанатты іс-шараға Департамент басшылығы, жеке құрамы, ардагерлер, сондай-ақ арнайы шақыртылған қонақтар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлер арасында патриоттық рухты көтеру, елге деген сүйіспеншілікті нығайту, сондай-ақ ардагерлерге құрмет көрсету болды. Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, ерекше көзге түскен қызметкерлер ҚР Премьер-министрінің, ҚР ТЖМ, Шымкент қаласы әкімі атынан марапатталды. Мұндай тағылымды іс-шаралар ел бірлігін нығайтып, бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңыздылығын ұғындыруда маңызды рөл атқарады.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы Абай саябағында орналасқан «Мәңгілік алауға» гүл шоқтары қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1215786?lang=kk

Жауап қалдыру