Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында байқау кеңесінің отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында байқау кеңесінің отырысы өтті

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында байқау кеңесінің кезекті отырысы ұйымдастырылды. Отырысқа Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек қатысып, орталықтың қызметін жетілдіру және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылады.

Жиында орталықтың басшылығы мен әкімшілік қызметкерлерінің жалақыларына үстемақы мен ынталандыру төлемдерін бекіту, сондай-ақ, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша бағалау индикаторларының орындалуы туралы шешімдер қабылданды. Бұл қадам орталықтың жұмыс өнімділігін арттыруға және қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Сондай-ақ, әкімшілік қызметкерлерінің жалақыларын коэфициенттер негізінде анықтап, тұрақты жалақыларды бекіту ұсынылды. Бұл шара қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға, жұмысқа деген ынтасын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, орталықтың ұжымдық шартын жаңарту және оның талаптарын қайта қарау да маңызды мәселелердің бірі болды. Ұжымдық шарттың талаптарын жаңарту, еңбек қатынастарын реттеу және қызметкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шешімдер қабылданды.

Отырыс соңында, «Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына байқау жариялау туралы шешім қабылданды. Сержан Назарбек бұл шешімнің орталықтың жұмысын сапалы қамтамасыз ету үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Қабылданған барлық шешімдер облысымыздағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға және Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейге көтеруге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1215209?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді