
Орталық Азия Инновациялық университетінде жаңа Конституцияның құндылықтары, өзгерістерді студенттерге, оқытушыларға түсіндіру бойынша дөңгелек үстел жиыны өтті. Іс-шарада оқу орнының ұстаздары жаңа Конституция елдің саяси жүйесін заман талабына сай жаңғыртуға және қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған мәні зор құжат екенін атап өтті.
«Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Шолпан Құралбаева баяндама жасап, еліміздің қоғамдық саяси өміріндегі бастамаларды жан-жақты түсіндіріп берді.
– Өздеріңізге мәлім, жаңа Конституция бойынша референдумге ел азаматтары, жастар белсене қатысты. Ата заңымыздағы негізгі өзгерістер адам құқықтары мен бостандықтарына, цифрлық тұрғыда қорғалуына басымдық берілген. Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бұл уақыт талабы екенін ұғынуымыз керек. 15 наурыздағы республикалық референдумге біздің шәкірттеріміз де үн қосып, маңызды саяси оқиғадан шет қалған жоқ. Жалпы айтқанда, қазір қоғам оң өзгерістерді күтіп отыр, – дейді аға оқытушы.
Жаңа Конституция – Адам құқықтары мен Заң үстемдігін ту еткен, білім мен ғылымға сүйенген, өркениетті, тарихы терең, болашақ алдында жауапкершілігі мол ел ретінде танытатын нақты қадам.
Басқасуға жиналған көпшіліктің ойы осыған саяды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1215182?lang=kk

Жауап қалдыру