ЖАУАПТЫЛАРҒА НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛІП, МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ЖАУАПТЫЛАРҒА НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛІП, МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ
 
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінің күн тәртібінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы отбасының цифрлық картасындағы «Д» және «Е» санатындағы отбасы санын төмендету жоспары, аудан аумағындағы жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы еңбек шарттарының түзілуі, зейнетақы жарналарының уақытылы төленуі және сақтандыру шарттарын жасасу туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Болат Тәжі баяндама жасаса, «ҚазСуШар» РМК ТОФ Жетісай аудандық бөлімшесінің басшысы Нұртас Тұрсынбеков жазғы вегетациялық науқан мен ағын судың деңгейіне тоқталды.
Ал, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерасыл Зекен игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу, мемлекетке қайтару жұмыстарының нәтижесімен бөлісті.
Одан бөлек, мәжіліс барысында аудан әкімінің орынбасарлары Серік Пірімбеков пен Айдос Исмаилов, Нұркен Әлмеш өздері жетекшілік ететін салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Нақтырақ айтар болсақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ұсынылатын жобалар, көктемгі агротехникалық шаралар, өндірістік парк аумағында атқарылып жатқан жұмыстар мен құрылысы жүріп жатқан тік дренаждар, сондай-ақ, «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен тұрғын үй кезегін түгендеу, көктемгі әскерге шақыру, салықтық берешектерді өндіру, бюджеттің кірісі мен шығысының орындалуы, шомылу маусымындағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де кеңінен сөз болды. Атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жоспарлар таныстырылды. Айтылған ұсыныстар талқыланды.
Мәжіліс соңында аудан басшысы жауапты сала басшылары мен жергілікті әкімдерге нақты тапсырмалар беріп, міндеттемелер жүктеді. Күн тәртібі бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалауды аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есенкелді Алданиязовқа тапсырды.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1215138?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді