Астана мен Ереван атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Армения Республикасының аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Дэвид Худатянмен екіжақты кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту, қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ атом саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Алмасадам Сәтқалиев Армян тарапына мағыналы және сындарлы диалогқа дайындығы үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан атом саласындағы ынтымақтастықты екіжақты қатынастардың маңызды элементі және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі ретінде қарастыратынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар мазмұнды ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін растады және нақты бірлескен қадамдарды пысықтауға дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, тараптар тарапынан осы саладағы ынтымақтастықты жалғастыруға, тәжірибе мен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға дайын екендігі айтылды.

Кездесу аясында Алмасадам Сәтқалиев сондай — ақ армян тарапын тәжірибе алмасу және елдің ғылыми — техникалық және өнеркәсіптік әлеуетімен танысу үшін Қазақстанның атом саласының жетекші ұйымдары-Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына, ядролық физика институтына, сондай-ақ “Қазатомөнеркәсіп “ҰАК” АҚ-ға баруға шақырды.
Армения Республикасына жұмыс сапары аясында Алмасадам Сәтқалиев Метсамор қаласының маңында 1969-1977 жылдар аралығында салынған Армения атом электр станциясында да болды. Нысан Ереваннан 26 шақырым жерде орналасқан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1215896?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді