Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы жаңадан тағайындалған Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сеул, 2026 жылғы 6 мамыр – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Әсет Исенали Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Тэ Джинге сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады.

Кездесу барысында тараптар қазақ-корей стратегиялық серіктестігінің біртіндеп дамуын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға өзара ниеттерін растады.

Елші Ә.Исенали сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуетін, сондай-ақ басымдық берілетін салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру барысымен таныстырды.

Алдағы биік және жоғары деңгейлердегі халықаралық іс-шаралардың кестесіне ерекше назар аударылды.

Тараптар 2026 жылғы қыркүйекке жоспарланған «Орталық Азия – Корея Республикасы» форматындағы алғашқы саммитті дайындау мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар практикалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға және тұрақты жұмыс байланысын сақтауға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1215861?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді