
Құрметті қала тұрғындары және қала қонақтары!
Сіздерді Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Отан қорғаушылар күні – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген азаматтарға деген ерекше құрметтің белгісі. Бұл күн – батырлық пен ерліктің, отансүйгіштік пен жауапкершіліктің символы.
Ал, Ұлы Жеңіс күні – тарихымыздағы ең мазмұнды мерекелерінің бірі. Бұл күн – бейбіт өмір үшін жанын қиған батыр бабаларымыздың өшпес ерлігін еске алып, тарих алдында тағзым ететін күн. Ардагерлеріміздің ерлігі – мәңгілік өнеге, ұрпаққа аманат.
Осынау қос мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Елімізде мәңгілік бейбітшілік пен тұрақтылық орнап, көк байрағымыз желбірей берсін!
Ізгі ниетпен,
Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы
Әлихан Қуатбеков
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1215899?lang=kk

Жауап қалдыру