
Сарыағаш ауданы аумағындағы жайылымдық жерлерде шегіртке зиянкестерінің таралуының алдын алу мақсатында химиялық өңдеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Аталған шаралардың орындалу барысымен аудан әкімі Арман Абдуллаев танысып, Ақжар және Жібек жолы ауылдық округтерінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылауға алды.
Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Өңірде қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету үшін арнайы штаб құрылып, нақты іс-шаралар жоспары бекітілген. Соған сәйкес, аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу және фитосанитариялық шаралар ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтерде кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында арнайы техника мен білікті мамандар тартылып, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуына баса назар аударылуда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1215876?lang=kk

Жауап қалдыру