
ШҚО әкімі өңір тұрғындарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады:
-Құрметті шығысқазақстандықтар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ел тыныштығын күзетіп, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген ер азаматтарға құрмет көрсететін күн. Отан қорғау – қасиетті борыш, ал әскери қызмет – жауапкершілігі жоғары, абыройлы міндет. Мемлекет басшысы, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін әркез айтып келеді.
Бүгінде Қарулы Күштеріміздің, Ұлттық ұлан мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ел ішіндегі тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтауда маңызды рөл атқаруда. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен адал қызметтеріңіздің арқасында халқымыз бейбіт өмір сүріп, болашаққа сеніммен қадам басып келеді.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін! Еліміздің іргесі берік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Мереке құтты болсын!
Құрметпен, ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1215869?lang=kk

Жауап қалдыру