🔰 КЕЛЕС: ДЕПАРТАМЕНТПЕН БІРЛЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен Департаментпен бірлескен Түркістан облысы аумағында зейнетақы жарналары аударылмаған, жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасамаған, еңбек шарттарын тіркемеген мекемелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу кездесуі 2026 жылдың 6 мамыр күні Келес ауданында жалғасын тапты.
 
🔹 Кездесуге Келес ауданының әкімі Ағыбаев Жәнібек, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қозыханұлы Мекенхан, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы, ауданға қарасты ауылдық окруктерінің әкімдері, мансап орталықтарының басшылары, тиісті мекеме басшылары мен өңірдегі кәсіпорын иелері және жұмыс берушілері қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарын рәсімдеу, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде рәсімдеу тәртібі, міндетті төлемдерді уақытылы аудару, оның ішінде зейнетақы жарналарын аудару қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1216064?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді