🔰 САРЫАҒАШ: ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ТІРКЕУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні Сарыағаш ауданында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен Департаментпен бірлескен Түркістан облысы аумағында зейнетақы жарналары аударылмаған, жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасамаған, еңбек шарттарын тіркемеген мекемелер бойынша және «D», «Е» санатындағы отбасыларды «С» деңгейіне көтеру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
🔹 Кездесуге Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қозыханұлы Мекенхан, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы, ауданға қарасты ауылдық окруктерінің әкімдері, мансап орталықтарының басшылары, тиісті мекеме басшылары мен өңірдегі кәсіпорын иелері және жұмыс берушілері қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадуллаұлы жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарын рәсімдеу, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде рәсімдеу тәртібі, міндетті төлемдерді уақытылы аудару, оның ішінде зейнетақы жарналарын аудару қажеттілігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1216057?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді