
Қызылащы ауылдық округі 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы мен Қызылащы орта мектебі бірлесіп, «Жеңіс – халықтың ерлігі» атты еске алу кешін ұйымдастырды.
Кездесу барысында қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Жұмахан Балапановтың ескерткішіне Қызылащы орта мектебінің оқушылары гүл шоқтарын қойды.
Сонымен қатар, Қызылащы ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі, ауылдық кітапхана және мәдениет үйі бірлесіп, ауылымыздағы тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, мерекелік кездесу өткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/1216866?lang=kk

Жауап қалдыру