
Алға аудандық әкімдігінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты мерекелік шара өтті.
Мерекелік жиын аудан әкімінің міндетін атқарушы Сансызбай Мұқановтың құттықтау сөзімен ашылып, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс білдірілді.
Шара барысында Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келген сарбаздар мен өз саласында жауапкершілікпен еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.
Салтанатты кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары патриоттық әндер орындап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1216671?lang=kk

Жауап қалдыру