Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы «Лотте Рахат» АҚ-да су үнемдеу технологияларына шолу жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру шеңберінде Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы басшысы Мейрамбеков Серік Тлемісұлы өндірістік мақсатта су пайдаланатын кәсіпорындардың су үнемдеу технологияларына шолу жасады.

Атап айтқанда «Лотте Рахат» АҚ-ның су үнемдеу технологияларының жай-күйі және оның қайта су алмасумен жабдықтау жүйелеріне көшу жоспарымен танысты. Пайдаланушылардың суды ысырап етпеуімен қатар, қолда бар ең үздік технологияларды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын назарға алды. Кондитерлік өнімдерді дайындау мақсатында аталмыш кәсіпорынға Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы 2026 жылы 10 сәуірде рұқсат қағазын рәсімдеген.

Қазіргі уақытта аталған іс-шаралар тізбегі бойынша өндірістік кәсіпорындарға түсіндірме хаттар жолданып, инспекция тарапынан үгіт-насихат жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1216151?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді