
Бүгінде 9 учаскеде жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Атап айтқанда, Академик Сәтбаев көшесінің Ломов көшесіне дейінгі бөлігі, Баян батыр, Мәшһүр Жүсіп, Бұхар жырау, Кривенко көшелері, сондай-ақ Авиақалашыққа, Луначарский кастингке апаратын жол, Аймауытов және Ледовской көшелері жаңартылды. Ледовской көшесінде жол жабынын жөндеумен қатар жаяу жүргіншілер жолы мен автотұрақ орындарын абаттандыру қарастырылған. Бұл жұмыстар келесі аптада толық аяқталады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Генерал Дүйсенов, Нұркин, Естай және Российская көшелерінде жөндеу жұмыстары басталды.
Тозығы жеткен қалған учаскелер қатарында Радищев, Амангелді, Геринг, Академик Шокин және Бекмаханов көшелері бар. Ал Академик Шокин көшесіндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін мердігер ұйым Катаев көшесіне көшеді.
Жол жөндеу бойынша негізгі жұмыстарды маусым айының соңына дейін аяқтау көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-pvl/press/news/details/1216154?lang=kk

Жауап қалдыру