
2026 жылдың 05 мамыры күні Шымкент қаласындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұжымында мемлекеттік еңбек инспекторы А.Мамадалиевтің қатысуымен арнайы семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңес барысында мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан бүгінгі күнгі қолданыстағы еңбек заңнамалары талаптарының жай-жапсарлары түсіндірілді.
Сонымен қатар, Еңбек және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстеріне 2026 жыл басынан енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде таныстырылып, жаңа талаптар бойынша жан-жақты талқылау жүргізілді.
Семинар-кеңес соңында мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1216075?lang=kk

Жауап қалдыру