
Еңбек қатынастарының туындаудың заңнамалық негіздері, өндірістегі қауіпсіздікті арттырудағы жасанды интеллекттің іргелі рөлі, сонымен қатар, зейнетақы жарналарын аударылмау, жазатайым оқиғадан сақтандыру шартын жасамау және еңбек шарттарын тіркемеу мәселелері мен салдарын талдау Шымкент қаласының әкімдігінде өткен жұмыс берушілермен кездесуде жалғасын тапты.
Кездесуге Департаменттің бөлім басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы Ғ.Шарипов және жұмыс берушілер қатысты.
Кездесу барысында жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарын рәсімдеу, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде рәсімдеу тәртібі, міндетті төлемдерді уақытылы аудару, оның ішінде зейнетақы жарналарын аудару заңдылықтары талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1215989?lang=kk

Жауап қалдыру