Еңбек қауіпсіздігі саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 8 мамырында  «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ Департамент қызметкерлері – мемлекеттік еңбек инспекторларымен және «ӨСК» АҚ Мемлекеттік аннуитеттік компанияның филиалының директоры А.Б.Бейсембаеваның қатысуымен кеңес өтті. Кеңесте кәсіпорын қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыруды мәселесі талқыланды. Кеңесте кәсіпорын қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі, жұмыс берушілердің заңнама талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілігі, сондай-ақ зардап шеккен қызметкерлерге сақтандыру төлемдерін уақтылы қамтамасыз ету тетіктері талқыланды. Өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік органдар мен сақтандыру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1216336?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді