«Keden» ақпараттық жүйесінде «Тауарларға декларация» модулі іске қосылғанын хабарлаймыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 11 сәуірден бастап «Keden» ақпараттық жүйесінде «Тауарларға декларация» модулі іске қосылғанын хабарлайды. Аталған модуль шеңберінде тауарларға декларация немесе жолаушылардың кедендік декларациясын қолдану арқылы ресімделген көлік құралдарының кедендік тазартудан өткен фактісін VIN-код бойынша қарау функциясы енгізілді.

Сонымен қатар, жүйеде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың тізілімдері, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізілімі, зияткерлік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімі, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер тізілімі, құжаттар мен лицензиялар базасы, сәйкестікті бағалау құжаттары мен техникалық реттеу саласындағы аккредиттеу субъектілерінің тізілімі, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары қалыптастыратын кедендік тізілімдер қолжетімді.

Аталған функционал лауазымды тұлғаларға және уақытша сақтау қоймаларының иелеріне кедендік декларациялардың мәртебесін салыстыруға және тиісті құжаттарды қадағалауға мүмкіндік береді.

Қосымша ретінде, тауарларға декларацияны басып шығару кезінде QR-код арқылы оның мәртебесін тексеру мүмкіндігі қарастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1216373?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді