
«Келешек мектептері» жобасы аясында елімізде заманауи мектептерді дамыту жұмыстары жалғасуда.
Жоба оқушылардың сапалы білім алуына, жаңа технологияларды меңгеруіне және заманауи білім беру ортасында оқуына бағытталған.
Бүгінде мектептерде академиялық ағылшын тілі, STEM және инженерлік бағыттарды дамытуға басымдық берілуде. Жоба аясында ашылған 180 робототехника кабинеті мен 150 STEM-зертхана оқушылардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мектептерде ұлттық құндылықтарды дәріптеу жұмыстары да қатар жүргізілуде. Домбыра, ұлттық спорт және бейінді сыныптар арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасалуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau-kyzylsu/press/news/details/1216046?lang=kk

Жауап қалдыру