Көлік министрлігінде вокзалдарды жаңғырту бойынша өңірлер мен ҚТЖ есебі тыңдалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ғимаратында көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың төрағалығымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері бойынша жұмыс кеңестері өтті.

Кеңестер аясында жобаларды іске асыру барысы, құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі қарқыны және нысандарды уақтылы аяқтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалар тыңдалды.

Кеңестерге Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарының өкілдері қатысты.

Белгіленген мерзімдердің сақталуына, мемлекеттік органдар, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және мердігер ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруге, сондай-ақ жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Кеңестер қорытындысы бойынша өңірлердегі теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарын сапалы әрі уақтылы аяқтауға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді. Көлік министрлігі жобалардың іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1216912?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді