Косшыда 1500 орындық жаңа мектеп салынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қосшы қаласында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда. Тұрғындар үшін маңызды жобалардың бірі – 1500 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп құрылысы болмақ.

Жоба қаладағы оқушы орындарының жоғары сұранысына байланысты жүзеге асырылып, қолданыстағы мектептердегі жүктемені азайтуға бағытталған. Жаңа білім беру нысаны оқушыларға қолайлы жағдай жасап, заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Төрт қабатты мектептің жалпы аумағы 14 мың шаршы метрден асады. Білім беру нысаны 3,4 гектар жер телімінде орналасады. Ғимаратта мамандандырылған оқу кабинеттері, екі көпфункционалды спорт залы, асхана және 300 орындық акт залы қарастырылған.

«Жобаны іске асыру барысында заманауи әрі жайлы білім беру процесіне қажетті барлық жағдай жасалады. Біз құрылыс жұмыстарын барынша жеделдетуді жоспарлап отырмыз. Бастапқыда нысанды 2027 жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған болатын. Алайда қазіргі таңда құрылысты ертерек, яғни үшінші тоқсанның басына – келесі жылдың қаңтар айына дейін аяқтау мүмкіндігі қарастырылып жатыр», – деді Ақмола облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Байқуанышев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1216986?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді