Мемлекеттік қызметке бастар жол: Алға ауданында Президент жанындағы Академияға түсу бойынша ақпараттық сессия өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алға ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026–2027 оқу жылына қабылдау мәселелеріне арналған ақпараттық сессия ұйымдастырылды. Іс-шараға Алға ауданының әкімі, Академия түлегі Асланбек Серікұлы, сондай-ақ Академияның Ақтөбе облысы бойынша филиал директоры, Академия түлегі Әселхан Нұралықызы қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға Академияға қабылдау тәртібі, құжат тапсыру талаптары, іріктеу кезеңдері, білім беру бағдарламалары және оқыту мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар Академия түлектері мемлекеттік қызмет саласындағы кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, аталған оқу орнының басқарушылық қабілетті дамытудағы және кадрлық әлеуетті арттырудағы маңызын атап өтті.

Сессия барысында мемлекеттік қызметтің жаңа талаптарына сай кәсіби мамандар даярлау, заманауи басқару дағдыларын қалыптастыру және өңірлік кадр резервін нығайту мәселелері де кеңінен қозғалды.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы — мемлекеттік қызметшілер мен болашақ басқарушыларға арналған жетекші білім беру ордаларының бірі. Академияда білім алу кәсіби даму мен мансаптық өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Құжат қабылдау 2026 жылғы 1 маусымға дейін жалғасады. Мемлекеттік басқару саласында білім алып, ел дамуына үлес қосуды мақсат еткен азаматтарды белсенді қатысуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-bestamaq/press/news/details/1216961?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді