ӨСКЕМЕНДЕ ЕР ЖӘНІБЕК БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН СЕМСЕРЛЕСУДЕН МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемен қаласында аты аңызға айналған Ер Жәнібек батырды еске алуға арналған семсерлесуден ашық XX республикалық турнир өз мәресіне жетті. 2004 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл дода биыл халықаралық сипат алып, жарыс жолына Қазақстанның 6 өңірінен және Қырғыз Республикасынан келген 295 спортшы шықты.

Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өткен турнир аясында юниорлар мен кадеттер рапира және шпага түрлерінен өзара мықтыны анықтады. 3-5 мамыр аралығында рапирашылар жекелей және командалық есепте бақ сынаса, 6-8 мамыр күндері шпага шеберлері боз кілемде шеберлік байқасты.

Жарыстың басты мақсаты — өңірде семсерлесу спортын дамыту, жас таланттардың шеберлігін шыңдау және ұлттық құрама резервіне лайықты спортшыларды іріктеу болды. Турнир қорытындысы бойынша жекелей және командалық сында жеңімпаз атанған спортшылар медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1216153?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді