Ойыл ауданында 8 жаңа жол жобасы бойынша құрылыс қарқынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ойыл ауданында жол инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Биыл аудан аумағында жалпы саны 8 жол құрылысы және орташа жөндеу жобасын іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда оның 4 жобасы аяқталу сатысына жақындаса, тағы 4 жоба бойынша жұмыстар басталып кетті.

🌉 Аяқталуы 2026 жылға жоспарланған жобалардың қатарында Ойыл ауылының кіреберіс жолындағы көпірді реконструкциялау, Шұбарши ауылынан Атырау облысы шекарасына дейінгі жол бойындағы көпір құрылысы, сондай-ақ Ойыл – Қараой автожолының 15-45 шақырым аралығындағы орташа жөндеу жұмыстары бар.

🛣️ Сонымен қатар, ауданда жаңа 4 жоба бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Олардың ішінде Сарбие ауылының кіреберіс жолын орташа жөндеу, Қаракемер – Ақшатау автожолын жөндеу, Ойыл – Қараой автожолының 0-15 шақырым аралығын жаңарту және Шұбарши ауылынан Атырау облысы бағытына дейінгі жол құрылысының жалғасуы бар.

🚜 Қазіргі таңда бірқатар нысанда қиыршық тас төсеу, материал тасымалдау және су өткізу құрылғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысы жобалары аудан тұрғындарының қауіпсіз әрі қолайлы қатынасын қамтамасыз етуге, ауылдар арас�

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1216114?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді