
2026 жылғы 08 мамырда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу жөніндегі бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Садыкбекова Д.М. «Еңбек шарттарын еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді.
Эфир барысында 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің негізгі ережелері, сондай-ақ еңбек шарттарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер қарастырылды. Эфир қатысушыларына еңбек қатынастары туралы мәліметтерді уақытылы енгізу талаптары, ЕШЕБЖ жүйесінде еңбек шарттарын тіркеу, өзгерту және тоқтату тәртібі, сондай-ақ белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігі түсіндірілді.
Тыңдаушылар ЕШЕБЖ жүйесімен жұмыс істеу тәртібі, еңбек қатынастарын цифрлық есепке алудың артықшылықтары, сондай-ақ еңбек шарттарын рәсімдеу кезінде жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат алды.
Осындай онлайн-іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек қатынастарын цифрландыру саласындағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіруге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1216390?lang=kk

Жауап қалдыру