
Қалалық әкімдіктің үлкен залында өткен мерекелік жиында ел қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне құрмет көрсетілді.
Салтанатты шара барысында Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов құттықтау сөз сөйлеп, Отан алдындағы адал қызметі, жоғары жауапкершілігі мен кәсібилігі үшін бірқатар азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.
Мерекелік бағдарламада патриоттық әндер шырқалып, өнерпаздар өз өнерлерін тарту етті. Шара ел қорғаған ерлердің еңбегін ұлықтап, олардың қоғамдағы орны мен маңызын айқындай түсті.
Отан қорғаушылар күні – елге қызмет етудің, ерлік пен батырлықтың, патриотизмнің айқын көрінісі. Барша ер азаматтарды мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларына амандық, ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1216263?lang=kk

Жауап қалдыру