
Орал қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Ашық есік күні» акциясы өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін түсіндіру және насихаттау жөніндегі жұмыстар аясында, азаматтарға қолжетімді әрі білікті құқықтық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Акция барысында орталық тұрғындарына Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі нормалары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидаттары түсіндірілді. Сонымен қатар құқықтық кеңестер берілді.
Іс-шараға департамент бөлім басшысы Михайлова София, адвокат Айманов Жанболат, заң консультанты Тлеккабулова Сюзана, сондай-ақ жеке сот орындаушы Молдагалиева Сәним қатысты.
Қатысушылар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, әлеуметтік, еңбек, тұрғын үй, авторлық құқық, алимент өндіру, дропперлік, алаяқтық және өзге де құқықтық мәселелер бойынша кеңестер көрсетті.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1216864?lang=kk

Жауап қалдыру