
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шараға департаменттің жеке құрамы қатысып, ел қорғаған батырлар мен ардагерлердің ерлігіне тағзым етілді. Іс-шара барысында департамент басшысының м.а Руслан Нұрланұлы құттықтау сөз сөйлеп, Отан қорғаушылар күні – ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық азаматтарға көрсетілетін құрметтің белгісі екенін атап өтті. Мереке аясында қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер арнайы медальдармен наградталып, алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, Тергеу басқармасын бірнеше жыл бойы абыроймен басқарған Таубай Медеу Дулатұлын зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті. Ұжым атынан оның көпжылдық еңбегі мен саланың дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтіліп, құрмет көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1216564?lang=kk

Жауап қалдыру