Рухани тұтастық – ел бірлігінің негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ұлытау облысының Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде экстремистік және террористік сипаттағы құқық бұзушылықтар мен теріс пиғылдардың алдын алуға, қоғамның рухани тұрақтылығын нығайтуға және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған мазмұнды кездесу өтті.
«Рухани тұтастық – ел бірлігінің негізі» тақырыбымен ұйымдастырылған іс-шараға «Жәйрем Болашақ» ШЖҚ КМК жұмыскерлері, Қаражал қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері, «Өркен-Атасу» кәсіпорнының ұжымы, сондай-ақ Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінің тұрғындары қатысты.
Кездесуді республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, танымал теолог Елдос Жұмаділдә жүргізді. Ол қоғамдағы рухани бірлік пен тұрақтылықтың маңызына тоқталып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау, жастардың діни сауатын арттыру, діни радикализм мен деструктивті ағымдардың алдын алу, сондай-ақ оларға қарсы иммунитет қалыптастыру мәселелерін жан-жақты түсіндірді.
Іс-шара барысында қатысушыларға деструктивті идеологиялардың белгілері, олардың қоғамға тигізетін кері әсері және мұндай ағымдардың таралуының алдын алуда ақпараттық сергектіктің маңызы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, сенімді дереккөздерге сүйену, күмәнді ақпараттарға сын көзбен қарау қажеттігі ерекше атап өтілді.
Еркін пікір алмасу форматында өткен жиында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Осындай кездесулер қоғамдық тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың рухани иммунитетін күшейтуге және ел бірлігін нығайтуға қызмет ететіні сөзсіз.
 
 
 
Материал Ұлытау облысы ТҚК аппараты 
ұсынған ақпарат негізінде дайындалды

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1216261?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді