САРЫАҒАШ: ЖАҢА ӨНДІРІСТІК АЙМАҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев жұмыс кестесіне сәйкес аптасына екі рет «Өндірістік парк» аумағына барып, құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстап келеді. Сонымен қатар, өндірістік аймақта құрылыс жүргізіп жатқан кәсіпкерлермен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысты.
Қазіргі таңда өндірістік парк аумағында бір кәсіпкерлік нысанның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға дайын күйге жеткізілді. Ал тағы төрт нысан бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Сонымен қатар, өндірістік аймақтың инфрақұрылымын дамыту бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, инженерлік желілер тарту, аумақты абаттандыру және кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау шаралары кезең-кезеңімен іске асырылуда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1216977?lang=kk