«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты конкурсына өтінім қабылдау басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2026 жылға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау конкурсының басталуына арналған брифинг өтті. Аталған алаңда конкурсқа қатысудың негізгі ережелері мен талаптары түсіндірілді.

Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Камбаров, конкурстық комиссия мүшесі Гайни Есембекова және 2025 жылғы грант иегері Айжан Өмірбаева сөз сөйледі.

Брифинг барысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен талантты жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалып келе жатқаны атап өтілді.

2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгені құрайтын 30 грант беріледі.

Грантқа Қазақстан Республикасының 14 жастан 35 жасқа дейінгі (34 жас қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.

Грант конкурстық негізде 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі:

  • «Ғылым» – жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыру үшін;
  • «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобалар үшін;
  • «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін;
  • «Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін;
  • «Медиа» – жастарға арналған танымдық, пайдалы әрі қызықты контент жасау жобаларын қоса алғанда, жаңа медиа-жобаларды іске асыру үшін;
  • «Волонтерлік» – өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды жүзеге асыру үшін.

Конкурсқа өтінімдер 2026 жылғы 21 сәуірден 21 маусымға дейін (21 маусым күні сағат 24:00-ге дейін) қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):

  1. Конкурстық өтінім мына сілтеме арқылы толтырылады: https://forms.gle/8Edm9PwoqQZQyw287
  2. Жобаның сипаттамасы (2-қосымшаға сәйкес, PDF форматта);
  3. Бейнеролик (60 секундтан аспайды) немесе жоба презентациясы (10 слайдтан аспайды);
  4. Шығындар сметасының жобасы (3-қосымшаға сәйкес, PDF форматта);
  5. Зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болған жағдайда, PDF форматта);
  6. Жеке куәліктің немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматта).

Анықтама үшін байланыс телефондары:

8 (7172) 74-12-78, 8 777-114-66-82

E-mail: t.urpaqtary2026@gmail.com
(жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/op-timirazevo/press/news/details/1216272?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді