Ұрпақтарды біріктіретін жады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы Жеңіс күніне орай Қостанай қаласы ТЖБ гарнизонының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне арналған естелік кездесу өткізді.

Іс-шара барысында қызметкерлер өздерінің аталары туралы — ерлігі, қайсарлығы мен жанқиярлығы ұрпақ жадында мәңгі сақталатын батырлар жайлы естеліктерімен бөлісті. Бұл оқиғалар Жеңістің қандай үлкен құрбандықпен келгенін және тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.

Әріптестер алдында сөз сөйлегендер:
№6 ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Николай Борисович Вильчук;
№5 ӨСБ радиотелефонисі, азаматтық қорғау сержанты Галия Сапрағаливна Маусысбаева;
Қостанай қаласы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Асель Серікбайқызы Канапина.

Осындай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, еліміздің қаһармандық тарихына деген құрметті тәрбиелейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1216918?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді