Жамбыл облысында мереке қарсаңында үздік полиция қызметкерлері марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында мереке қарсаңында үздік полиция қызметкерлері марапатталды

Жамбыл облысы Полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген, кәсіби шеберлігімен ерекшеленген полиция қызметкерлері марапатталды.

Департамент бастығы Қайсар Сұлтанбаев жеке құрамды мерекемен құттықтап, олардың ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі еңбегіне жоғары баға берді. Ол өз сөзінде полиция қызметкерлеріне жүктелген жауапкершіліктің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Мерекеге орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Жамбыл облысы әкімінің және мәслихаттың атынан бірқатар қызметкерлерге мемлекеттік наградалар, төсбелгілер, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, үздік қызмет көрсеткен қызметкерлерге арнаулы атақтар мерзімінен бұрын беріліп, штаттық лауазымдарына сәйкес кезекті жоғары атақтар тағайындалды.

Салтанатты іс-шара оркестр сүйемелдеуімен өткен саптық шерумен қорытындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1216168?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді