Жетісу облысы өңірінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қарқынды өсім көрсетуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы өңірінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қарқынды өсім көрсетуде. Атап айтқанда, жалпы өңірлік өнім көлемі 2022 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық артып, 2,5 трлн теңгеге жетті.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасының өсімі кемінде 6,5 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2026 жылға арналған кешенді даму жоспары қаралған облыс әкімдігі отырысында мәлімдеді.

Өңір басшысының айтуынша, Жетісу облысында инвестиция тарту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым салаларын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар өңір экономикасының тұрақты өсуіне оң әсерін тигізуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-akzhar/press/news/details/1216881?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді